25 қазан – елдің ертеңін айқындаған күн
1990 жылдың 25 қазаны – қазақ елінің тарихындағы ұлы бетбұрыс. Сол күні Жоғарғы Кеңестің сессиясында 365 депутат талқылаған Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Бұл құжат тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаған алғашқы қадам болды. Сол тарихи сәттің куәгерлері 25 қазан – елдің ертеңін айқындаған шешуші күн болды деп еске алады.
Иманәлі Байдәулетов, медицина ғылымдарының докторы, профессор:
Қазақстанның тәуелсіздігі – бұл қазақ елінің өзегі. Егер тәуелсіздік болмаса, ол өзінің өзегін суырып тастаған мемлекет сияқты болады. Сондықтан біз тәуелсіздікті, егемендікті жоғары бағалауымыз керек.
Қуаныш Айтаханов, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы:
Орамалымды алып көзімді сүртіп тұрмын, ұялып тұрмын бірақ өзім. Жылап тұр ғой деп айта ма деп. Былай қарасам, былай қарасам, жан жағымдағылардың барлығы орамалын алып көзін сүртіп тұр, декларация қабылдады деген. Кеңес империясының кезінде біз өз алдына тәуелсіз мемлекет боламыз келешекте, осындай осындай шарт қоямыз дегеннің өзі... бұл енді үлкен батырлық.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04