Түркиядан «Күрдістан жұмысшы партиясы» толық кетті
40 жылға жуық Түркия билігіне қарсы шабуыл ұйымдастырып келген «Күрдістан жұмысшы партиясы» террорлық ұйымының қарулы топтары Түркиядан шыға бастады. Бұл туралы ұйым басшылары хабарлады. Шілде айында партия көшбасшылары Түркиямен қарулы қақтығысты тоқтатып, тек дипломатия шеңберінде келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдаған. Соған сәйкес, кешеден бері ұйым мүшелері қару-жарағын тастап, Ирактағы базаларына орала бастады. Бұл операция «Террорсыз Түркия» бағдарламасы аясында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде іске асты. 1976 жылы солшыл социалистік бағытта құрылған «Күрдістан жұмысшы партиясы» 80-ші жылдардан бері Түркияға қарсы қарулы шабуылдар ұйымдастырып келген еді.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17