Арыстағы көшеттер жергілікті тұқымбақта өсіріледі
Түркістан облысының Арыс қаласында соңғы үш жылдан бері жергілікті ауа райына бейімделген көшеттер егіле бастады. Себебі бұл көшеттер тез тамыр алып, жайқалып өседі. Мамандар күз айларында қаладағы ағаштардың тұқымын жинап алады. Сұрыптаудан өткен дәндерін тұқымбаққа сеуіп, одан өнген көшеттер көктемде қала көшелері мен саябақтарға отырғызылады.
Көгалдандыру мекемелерінің жұмысшылары бір айдан бері қалада өсіп тұрған
ағаштардың тұқымын жинап жатыр. Олардың қатарында бозарша, шаған, үйеңкі, сабын
тал, қаратал сияқты ағаштар бар. Бұл жұмыс қарашаның ортасына дейін жалғасады.
Раушан Орынбасарова, жұмысшы:
Саябақтан, мектептердің алдынан тереміз, ауруханалар алдында болады. Сол жерден теріп, ұрықтарын алып, постқа апарып, дәндерді өңдейміз. Соларды жеке-жеке егуге дайындап қоямыз. Сол үшін қазір жабылып, талдың ұрығын теріп жатырмыз.
Әр талдың тұқымы жеке-жеке теріліп, тұқымбаққа жеткізіледі. Аумағы 1 гектар
болатын тұқымбақ осыдан 3 жыл бұрын ашылған. Қазір мұнда 9 түрлі ағаштың 110
мың түп көшеті жайқалып тұр. Дайын көшет алдағы күз, көктем айларында қала
аумағына отырғызылады. Мамандар тәлім бақтағы көшеттердің бойы 85 см асса, кез
келген жерге апарып еге беруге болатынын айтады.
Бақтияр Расилов, «Жасыл Арыс» мекемесінің директоры:
Бұның тиімділігі – біріншіден, осы өзіміздің жердегі тұқымнан шыққан, жерге үйренген. Бүгінгі күні мақтанышпен айтуға болады, біз жүз пайыз егетін болсақ, соның 85-90 пайызы өніп шығады. Сырттан келген көшеттер аурушаң болады. Өйткені адаптация жоқ. Ол жақтың жері мен суы мұндай емес. Тұқымнан еккен өте пайдалы деп есептейміз. Болашақта Арысты жасыл қалаға айналдырсақ дейміз.
Арыс қаласы мен оған қарасты 6 ауылдық округ қазір ағаш көшеттерін осы тұқымбақтан алады. Мамандар соңғы 2 жылда
қала аумағындағы жасыл-желекті көбейту арқылы 65 мың көшет екен. Яғни, табиғи сұрыптау
арқылы көбейтілген көшеттердің сырттан тасымалданатын ағаштарға қарағанда
төзімді, күтімі жеңіл әрі өсімі жоғары болады, дейді мамандар. Бұл тәжірибе
облыста ерекше жоба ретінде бағаланып, өзге аудандарға үлгі ретінде ұсынылды.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03