Шымкентте батпырауықтар фестивалі өтті
Шымкентте батпырауықтар фестивалі өтті. Мерекелік шарада креативті индустрия өкілдері мен қолөнер шеберлері өз туындыларын көпшіліктің назарына ұсынды.
Әуелей ұшқан алуан түсті мыңнан астам батпырауық көкке желбірегенде көздің жауын алады.
Мерекені тамашалауға келген балалар үшін түрлі қойылымдар мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды.
Ақжан Тұрлыбекова,
қала тұрғыны:
Бала-шағамызбен бірге батпырауық ұшырып жүрміз. Осындай демалыс уақыттарында балаларымызды осындай жерге алып келеміз, ойнатамыз. Балаларымыз қуанады.
Шара аясындағы мото-маусымның жабылуына Орталық Азия елдерінен екі жүзге жуық байкер шақыртылды.
Ал шығармашыл жастар мен қолөнер шеберлері өз еңбектерін таныстырды.
Бүбіхадиша Жетібаева,
қолөнер шебері:
Құрағымызды бұрынғы аналарымыз шашпай, төкпей берді ғой. Соны келесі ұрпаққа мирас етіп тапсырғымыз келеді. Ине-жіп қыз баланы тәрбиелейді ғой. Қыздарымыз тәртіпті, ибалы, сабырлы болса деген ниетпен сол кісілерге үйретіп отырамыз.
Ерлан Омаров,
«Visit Shymkent» туристік ақпарат орталығының басшысы:
Жылда ұйымдастыратын болсақ, халықтың көңілін көтеру үшін, енді бір фестивальден туристер ағыны толып келмесе де, жыл сайын осындай фестиваль өтеді деген сияқты бір үрдісті қалыптастырғымыз келеді.
Батпырауықтар фестивалі шығармашыл жандардың басын біріктірді. Ашық аспан астында өткен шара енді дәстүрлі түрде өткізіледі.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06