Республика күні – елдігіміздің нышаны
Егемендік туралы декларацияның қабылданғанына биыл 35 жыл. Құжат қазақ елінің тәуелсіздігіне жол ашып, бүгінде ұлттық мереке ретінде тойланып келеді. Елдігіміздің іргетасы болған Республика күнінің мән-маңызы қандай?
Көкшетау
Бұл күн біздің тәуелсіздікке ұмтылған алғашқы құжат жүзінде қол қойылған, бабаларымыздың арман-мұраты болған ерекше күн. Сондықтан да бұл мерекенің аясын кеңінен насихаттап, жас ұрпаққа танытуымыз керек.
Ақтау
Республика күні ол Қазақстанның тәуелсіздік алған күнінің нышаны деп білемін. Осындай тәуелсіз мемлекетте тұрып жатқаныма өте қуанамын. Жастарға көп мүмкіндіктер бар. Мақтан тұтамын. Мен Қазақстанды сүйемін.
Шымкент
Қазақ мемлекеті, Қазақстан деген республика келді деп паш етті. Біздің кейінгі заңдардың барлығы, қазіргі өміріміздің барлығы осы заңнан, декларациядан басталады. Кейінгі қабылданған Конституция 1995, 1993 жылғы соның негізінде жатқан осы Қазақстан мемлекетінің егемендігі туралы декларация. Сондықтан бұның маңызы өте зор.
Көкшетау
Республика күні еліміздің тарихы үшін өте маңызды мерекелердің бірі. Бұл әрбір азаматтың патриоттық сезімін, елжандылығын оятатын мерекелердің бірі деп айта аламын. Республика күнінің маңыздылығын әр жерде, әр уақытта айтылып отыру керек деп санаймын.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03