«Nazira Gold» ісі: Шымкентте 9 адам сотталды
Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасына қатысы бар 9 адам сотталды. Олар әлеуметтік желі арқылы азаматтарды алдап, 16 миллиард теңге жинаған. Ұйым өзін алтын бұйымдар сатумен айналысатын кәсіп ретінде көрсетіп, салған қаржы 5 айда екі еселенеді деп уәде берген. Алайда халықтан жиналған 16 миллиардтың 14 миллиарды із-түзсіз жоқ. Ал қалған қаражатқа айыпталушылар туыстарының атына зәулім үйлер мен қымбат көліктер рәсімдеген. Бұл мүліктер тәркіленіп, жәбірленушілерге қайтарылмақ. Сот шешімімен ұйым жетекшісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның серіктестерінің жетеуі 5 жылға сотталса, 1 адамға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Мадияр Абдрасилов, Шымкент қаласының қылмыстық істер
жөніндегі ауданаралық сотының судьясы:
2025 жылдың мамыр айында «Nazira Gold» жобасын құрған кезіндегі басты мақсаты азаматтардың ақшасын тарту болған. Оны жүзеге асыру үшін тек қана кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мен орындау мүмкін емес. Әр млн теңге салым сомасын әр айда 20-41 пайыз аралығында үстінен ақша беретіні, 5 айдан соң салым сомасын толығымен қайтаратыны туралы да көрінеу орындалмайтын уәде берген.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04