Ресейде санкция кесірінен газ өндіру кеміді
Ресейде санкция салдарынан газ өндіру көлемі қайтадан төмендеді. Тек тоғыз айда табиғи газ өндіру 3,6%-ға, ал сұйытылған табиғи газ өндірісі 5,2%-ға қысқарған. Ірі қоймалардағы газ көлемі күрт азайып, тарихи рекорд жаңартқан. Мамандардың айтуынша, жыл соңына дейін газ өндіру көлемі 11 пайызға дейін азаяды. Ал өндірістің төмендеуіне басты себеп – Балтық бассейніндегі зауыттардың жұмысындағы шектеулер. Жеткізу логистикасын қайта құру үшін уақыт қажет, өйткені бұл жобалар бұрын негізінен еуропалық нарыққа жұмыс істеген. Болжам бойынша, биыл қыс қатты болатындықтан, Ресейдің бірнеше өңірінде газ қымбаттауы мүмкін.
Станислав Митраханович, РФ Үкіметі жанындағы ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қоры мен қаржы университетінің сарапшысы:
Сонымен қатар өндіретін компаниялар қаржылай қолдау, субсидия жоқтығынан өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр. Өндірушілер өз өнімдерін бұрнығыдай биржада саудалай алмайды. Сұраныс болғанымен, логистика жоқ, өндіру, жеткізу шығындары ақталмайды.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17