Үстел теннисінен Президент кубогына арналған халықаралық турнир мәресіне жетті
Астанада үстел теннисінен Президент кубогына арналған халықаралық турнир мәресіне жетті. Алғаш рет ұйымдастырылған жарыстың жүлде қоры - 115 000 доллар. Бес күнге созылған бәсекеде елімізбен қатар, 14 елден 300-ден аса спортшы қатысты. Олар жекелей және командалық есепте өнер көрсетті. 11 жасқа дейінгі ұлдар арасында қазақстандық Рамазан Рауанұлы, қыздардан Шохина Миркодирова топ жарды.
Шохина Миркодирова, жарыс жеңімпазы:
Үстел теннисімен айналысып жүргеніме 4 жыл болды. Бүгінгі жарыс жақсы болды. Арманым - Олимпиадаға, Азия чемпионатына, Әлем чемпионатына бару.
Ал, жасөспірімдер ішінде Әліби Шоманов пен Мария Лукьянова үздік атанды. Ал, 17 жастан жоғары спортшылардан Владимир Сидоренко мен Элизабет Абраамян қарсылас шақ келтірмеді. Жалпыкомандалық есепте Ресей Федерациясының құрамасы жеңіске жетті. Сондай-ақ турнирде үстел теннисінің әлемдік жұлдыздары Сюй Синь, Фан Бо, Вернер Шлагер және Джу Се Хёк шоу-матч өткізді.
Вернер Шлагер, Еуропа чемпионатының жүлдегері:
Бұл өте тамаша турнир болды. «Nomad» командасының ұйымдастыру деңгейі өте жоғары болды. Егер сіз ойындарды көрсеңіз, мұнда жоғары деңгейлі ойыншылардың қатысқанын байқауға болады.
Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:
Бүгінгі жарыс ірі жарыстардың алдында дайындық ретінде өткізіліп жатыр деп айтуға болады. Себебі, 2027 жылы елімізде Астанада үстел теннисінен Әлем чемпионаты өткізілейін деп жатыр.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20