Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өткізілді
Шымкент қаласының Тұран ауданында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасты. Сенбілік Адырбеков көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үй ауласында өтті. Игі шараға 30-дан астам адам қатысты. Олар арық-атызды қалдықтан тазартып, шөп шауып, ауланы сыпырып ретке келтірді. Мұндай тазалық жұмыстары жыл басынан бері 43-ші рет ұйымдастырылып, нәтижесінде 40 тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Жалпы атаулы акцияға 3 мыңнан астам азамат атсалысқан.
Ербол Байқонысов, «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
Шымкент қаласының тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырамыз. Өйткені тазалық денсаулық кепілі дейді. Сондықтан біз Шымқаланы жасыл қалаға айналдыру мақсатында осыны жүйелі түрде жасауымыз керек. Сондықтан барлығы таза болатын болса біз әрқашан рухани да, экологиялық та таза болсақ біз нағыз ұлт боламыз деп есептеймін.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04