Өзбекстанда жасыл энергияның үлесі артып келеді
Өзбекстанда жасыл энергияның үлесі 23 пайызға жетті. Осының арқасында жыл басынан бері 3 миллиард текше метрдей табиғи газ үнемделді. Атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың мөлшері де айтарлықтай кеміп келеді. Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазір елде 12 күн және 5 жел электр станциясы жұмыс істейді. Олардың жиынтық қуаты жылына 9 миллиард киловатт-сағатты құрайды. Су электр станцияларының саны кейінгі жеті жылда 36-дан 77-ге артқан. Өзбекстанда халық саны қарқынды өсіп келеді. Алдағы жылдары 40 миллионнан асады деген болжам бар. Тиісінше электр қуатына сұраныс еселеп артуда.
Журабек Мирзамахмудов, Өзбекстан республикасының энергетика министрі:
Жыл соңына дейін жасыл энергия көлемі 28 Гигаватқа жетеді. Ал 2030 жылға қарай жаңартылған қуат көздерінің үлесін 54%-ға жеткізу жоспарда бар. Тұрғындар шағын күн панельдерін өз үйінің шатырына орнатып, өндірілген қуатты пайдалана алады. Ол үшін кадастрлық құжат талап етілмейді.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17