Үкіметте инвестиция тарту мәселесі талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов инвестиция тарту мәселесіне қатысты кеңес өткізді. Өткен 9 айда негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 13,8 трлн теңгені құраған. Энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік салаларында өсім бар. Биыл Үкімет алдында 25 млрд доллар тікелей шетелден инвестиция тарту межесі тұр. Алайда өткен жарты жылдың қорытындысы бойынша жоспар 40 пайызға ғана орындалған. Инвестицияның көбі өңдеу өнеркәсібі, қаржы секторы, көлік, байланыс және энергетика салаларына бағытталған. Олжас Бектенов инвесторларды сүйемелдеп, оларға қолайлы жағдай жасау қажет деді. Себебі прокурорлық сүзгінің арқасында инвесторларға қатысты 380 заңсыз тексеру анықталған. Премьер-министр шаруаны ширата алмағандарды тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Әр министр инвестиция тарту мәселесімен күнделікті жеке айналысуға тиіс. Ол ең маңызды мәселе. Инвестиция болмаса, даму жоқ деген сөз. Көш соңында қалған өңірлердің әкімдеріне инвестиция бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін өз орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06