Өзбекстанда Солтүстік Аралды толтыру және оны қалпына келтіру жұмыстары жалғасады
Солтүстік Аралды толтыру және оны қалпына келтіру жұмыстары жалғасады. Орталық Азия елдерімен жасалған тиімді келісімдерге сай теңізге су жіберу жайы бақылауда болады. Бұл туралы Су шаруашылығы министрі айтты. Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері бірлесе жүргізген жұмыстардың арқасында вегетациялық кезең ойдағыдай өтті. Көрші ел тарапынан қажет көлемдегі суды алдық. Арал теңізіне су жіберу – тіршілік нәрін үнемдеу мен су пайдаланудағы оң тәжірибелердің нәтижесі дейді мамандар. Жыл соңына дейін теңіздегі су мөлшері 23,5 млрд текше метрге жетеді деп күтілуде. Қараша айының соңына қарай екі жақты кездесу өтеді. Онда келесі жылғы вегетациялық кезеңге дайындық шаралары талқыланбақ.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
Вегетацияаралық кезеңге және келесі жылдың суғару кезеңіне қандай жұмыстарды атқаруымыз керек, қандай жоспарлар бар - нақты тапсырма алдық. Бүгіннен бастап сол жұмыстарды жүргіземіз. Біріншісі - су қоймаларында суды жинақтау мәселесі. Екіншісі - әрине солтүстік Аралды толтыру мәселесі.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03