Қызылордада «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті
Қызылордада «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Қала тұрғындары құқық қорғау және атқарушы орган өкілдеріне жеке мәселелері бойынша тегін құқықтық кеңес алды.
Игі бастама жыл бойы ұйымдастырылып келеді. Заң тұрғысында кеңес ала алмай жүрген жандар әр мекемені жағаламай, бір жерден барлық сауалына жауап алды. Бүгін 100-ге жуық тұрғын келіп, құзырлы орган басшыларының қабылдауында болды. Мамандардың айтуынша, тұрмыстық мәселелер және алаяқтық қылмыстар бойынша арыз-шағым көбейген.
Жандарбек Сұлтанбекұлы, қала прокуроры:
Қалалық мәдениет үйінде және Қызылжарма, Қарауылтөбе ауылдық округтерінде азаматтарды қабылдау ұйымдастырылуда. Бұл шара еліміздің азаматтарына тегін заң көмегін көрсетіп, олардың құқықтық мәдениетімен сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама.
Аружан Сейілханова, қала тұрғыны:
Танысыма несие алып бергенмін. Сол бойынша ақпарат сұрадым және толық ақпаратты алдым. Несиесін төлемей қойған. Ешкімге несие бермеңіздер. Ешкімге алданбаңыздар.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04