156 мыңнан аса қазақстандық шетелде жұмыс істеп жүр
2023 жылдан бері шетелге жұмыс істеу мақсатында шығатын қазақстандықтардың саны азайып келеді. Өткен тоғыз айда қорытындысына сүйенсек, 156 мыңнан аса отандасымыз шетелде еңбек етіп жүр. Қазақстандықтардың басым бөлігі Ресейде – 128 мың адам, Кореяда 15 мыңдай, Польшада 2 мың 600 адам, ал Ұлыбританияда 1400-ге жуық азаматымыз жұмыс істейді. Олардың құқықтарын қорғау мақсатында бірқатар мемлекетпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Вице-министр бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын жеткізді.
Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі:
Оңтүстік Кореямен, Сауд Арабиясымен, БАӘ-мен, Словакиямен, Жапониямен, Швециямен, Италиямен, Норвегиямен, Польша, Чехия, Румыния және Финляндиямен жасасу бойынша меморандум жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан азматтарын шетелде жұмысқа орналастырумен айналысатын жұмыспен қамту агенттіктерін реттеуге бағытталған заңнамалық түзетулер әзірленуде.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03