Президент Қазақстандағы шетелдік студенттермен тілдесті
Мемлекет басшысы елімізде білім алып жатқан шетелдік студенттермен әңгімелесті. Франциядан Қазақстанға келіп білім алып жатқан Адриан Давус Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазақ тілін үйреніп жүргенін жеткізді.
Адриан Давус, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті:
Мен қазақша үйреніп жүрмін. Әрине шетелдік студент болу оңай емес. Тіл айырмашылығы, оқу жүйесі бәрі де сынақ болды. Бірақ мен Қазақстанда оқығаным үшін қуаныштымын. Басқа студенттерге де білім алуға шабыт пен жол ашса деп үміттенемін. Жастарға көрсетіп отырған қолдауыңыз үшін көп рахмет.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақшаң өте керемет. Жақсы сөйлейсің. Саған рахметімді айтамын.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып жатқан шетелдік студенттер өте көп. Олар әлемнің түкпір-түкпірінен келіп, Қазақстанда оқып жатыр.
Даниэль Домирилано, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің магистранты:
Мен Өскемендегі Шығыс Қазақстан техникалық университетінде магистратурада оқимын. Нигериядан келдім. Әрине мен үшін ауа райы суық. Бірақ адамдар тамаша.
Сюэ Гао, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің докторанты
Мен Қытайдан келдім. Қазақ елімен мені үш нәрсе байланыстырады. Біріншіден, магистратурада оқығанда қазақ елінің дипломатиялық қатынасын зерттеуді тапсырды. Сол уақытта Қазақ халқының даналығын көрдім. Екіншіден, екі жыл бұрын маған Димаш Құдайбергеннің аудармашысы болу бақыты бұйырды. Мен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерімін.Үшіншіден, қазір мен Еуразия ұлттық университетінің докторантурасында оқып жатырмын. Диссертациялық жұмысым да осы елмен, Астана қаласымен тікелей байланысты. Астана өте жылдам дамып жатқан қала. Әрине, осы елде қалып, жұмыс істеуге дайынмын.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16