KGIR-2025: 49 келісімге қол қойылды
Астанада жаһандық инвестициялар жөніндегі VIII қазақстандық дөңгелек үстел өтті. Форумға 50-ден астам елден мыңнан астам ірі инвесторлар мен компания басшылары келген. Жиын нәтижесінде жалпы сомасы 7,5 млрд доллар болатын 49 келісімге қол қойылды. Оның 3,8 млрд доллары – нақты коммерциялық жобалар. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қазақстанның ұзақмерзімді инвестициялар үшін ашық ел болып қала беретінін айтты. Мемлекет бизнеске тек қолдау көрсетіп қана қоймай, жаңа жобаларды бірге іске асыруға ниетті. Биылғы тоғыз айда елдің ЖІӨ 6,3%-ға, ал инвестиция көлемі 13,5%-ға өскен. Moody’s агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін «Тұрақты» деген деңгейге көтерген.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Президент жолдауында жаңа инвестициялық циклді іске қосу қажеттігін атап өтті. Алдымызға белсенді инвестициялық саясатты жүргізу жөнінде ауқымды міндет қойылды. Инвесторлармен сенімді диалог орнату – біздің басты ұстаным. Қазақстанда бизнесті дамыту үшін барлық мүмкіндік бар. Сонымен қатар Үкімет елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін ұлттық экономиканы түрлендіруге бағытталған жүйелі шараларды қабылдап жатыр.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04