Астана – Белград бағыты бойынша алғашқы тікелей рейс ашылды
Астана – Белград бағыты бойынша алғашқы тікелей рейс ашылды. SCAT әуе компаниясының ұшақтары Сербияға аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайды. Ұшу ұзақтығы 5 сағат 40 минут. Алғашқы рейсте 92 жолаушы болды. Осы қарым-қатынасты Сербияда да насихаттау мақсатында жергілікті телеарнада Қазақстан табиғаты туралы фильмдер серб тілінде көрсетіле бастады. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұл фильмдер алдағы екі жыл бойы бірнеше рет көрсетілмек. Тікелей рейсті іске қосу туралы келісім Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары кезінде жүзеге асты. Жаңа бағыт екі ел арасындағы бизнес, туризм және мәдени ынтымақтастыққа жол ашпақ.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17