Арқалықта 86 адамның улануына тойханада тазалық сақталмауы себеп
Арқалықтағы 86 адам астан уланған тойханада санитарлық-гигиеналық талаптар бұзылған. Мамандар тарапынан жүргізілген алғашқы тексеріс осыны анықтады. Зертханалық талдау қортындысына сәйкес тойханадағы қырық заттан алынған сынаманың 7-нен ішек таяқшасы табылған. Сонымен қатар 11 қызметкердің 2-нің ағзасынан салманелла анықталыпты. Қазір тойхана жұмысы тоқтап тұр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал уланған адамдардың жағдайы қанағаттанарлық. Қазір олардың біреуі ғана ауруханада жатыр. Қалғаны үйлеріне шығарылған.
Гүлім Досымова, облыстық санэпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының
орынбасары:
Бұған қарап, инфекцияның таралуына тойхана қызметкерлері себепші деп болжам жасауға болады. Ал әрі қарай ол қонақтарға осы жерде дайындалған тағамдар арқылы жұққан. Мұның бәрі аталмыш орында санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың өрескел бұзылғанын көрсетеді.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17