Мемлекеттік сатып алу жүйесінде адам факторы қысқартылуда
Мемлекеттік қаржыны ашық әрі тиімді басқарудың негізгі жолы – цифрландыру. Әсіресе бұл сала Big Data бағдарламасы мен жасанды интеллект құралдары арқылы одан әрі жетілдірілмек. Бұл тақырып бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде баяндалды. Мысалға, мемлекеттік органның цифрлы бейіні әзірленді. Қазірдің өзінде әр орталық мемлекеттік орган бойынша бюджетке түсетін түсімдер, шығыстар, игерілмеген бюджет қаражаты сияқты ақпараттарды бақылауға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек елімізде мемлекеттік сатып алудың бес түрі бар екені белгілі. Қазір соның ішінде үшеуі толықтай автоматтандырылған. Алдағы уақытта осы бағытта барынша адам факторы алынып тасталмақ.
Дияс Крамшеев, «Электорнды қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы:
Сіздер сатып алуға қатысқан жағдайда ақпараттық жүйе сіздің барлық мәліметіңізді барлық ақпараттық жүйеден алып, салыстырып, шешім шығарады. Басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің дайын болуына байланысты біз барлығын автоматты түрге өткізіп, шешім қабылдау кезінде адам факторын толықтай алып тастауға жұмыс істеп жатырмыз.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00