Ақтөбедегі тұрақтандыру қоры толықтырылып жатыр
Ақтөбеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорын толықтыру үшін 4 жарым миллиард теңге бөлінді. Осы уақытқа дейін қоймаға 14 мың тоннадан астам көкөніс жиналды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен келісімшарттар жасады. Биыл тек Ақтөбе қаласының аумағында 650 гектар аумаққа картоп егілген. Жиын-терім жұмысы толықтай аяқталды. Жиналған өнімнің 9 мың тоннасы тұрақтандыру қорына жіберілген. Сондай-ақ 2 мың тонна сәбіз, мың жарым тоннаға жуық жуа және 2 мың тонна қырыққабат қоймада сақталып, тұрғындарға тиімді бағада сатылуы тиіс.
Жандос Ығылманов, а/ш бөлімінің сектор меңгерушісі:
Кәсіпорындар биыл осы өнімдерін тұрақтандыру қорымен келісімшартқа отырып, өз өнімдерін алдағы уақытта тұрғындарға ұсынады. Сондай-ақ жергілікті шаруашылықтар 1400 тоннаға жуық 2026 жылға тұқым дайындады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02