Жетісу облысында «Келешек мектебі» пайдалануға берілді
Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» пайдалануға берілді. Алты жүз балаға арналған білім ордасы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда робототехника, STEM зертханасы, лингвистика және хореография залы, шеберхана мен кітапхана бар. Мектепте 59 мұғалім еңбек етеді. Жалпы, Жетісу облысында бүгінде тағы 6 білім ордасының құрылысы жүріп жатыр. Оның үшеуі жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі деп жоспарланған. Ал Достық ауылында ашылған «Келешек мектебі» ұлттық жоба аясында жүзеге асқан өңірдегі екінші заманауи білім ошағы.
Айнагүл Садиева, мектеп директоры:
Өте қуаныштымыз. Осындай республикамыздың шекарасының шебінде мемлекетіміз үлкен мүмкіндік беріп отыр, халықтың балаларына заманауи үлгідегі білім алуына жағдай жасалып отыр. Модификациялық кабинеттер құрылғығы бай. Заманауи жасақталған. Біз үшін тарихи сәт. Мемлекетіміздің туын көтеретін адал азаматтарды тәрбиелеуге біз еңбек етеміз.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17