Ақтөбе облысында 42 мың адам жұмысқа кірген
Биыл Ақтөбе облысында 42 мың адам жұмысқа орналасты. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен еңбек жәрмеңкелерінде 14 мың тұрғын екі қолға бір күрек тапқан.
Облыста 13 мансап орталығы жұмыс істеп тұр. Жастар тәжірибесі, «Күміс жас», «Ұрпақтар келісім шарты», «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары сәтті жүзеге асып жатыр. Қайтарымсыз грант алғандардың да саны артқан. Мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Қысқа мерзімді кәсіби оқытудан 540 адам өтті. Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Әсіресе жұмысшы мамандықтарға сұраныс артқан.
Айсұлтан Аманкелдіұлы, Еңбек мобильділігі орталығының маманы:
Осы жұмысшы мамандығын қолға алып, мысалы дәнекерлеуші және басқа да жұмысшы мамандықтар көп. Солардың барлығына дипломына қарай, сертификатына қарай жолдама беріп жатырмыз.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17