Суармалы жерлердің 30%-на су үнемдеу технологиясы енгізілген
Елдегі суармалы жерлердің 30%-на су үнемдеу технологиясы енгізілген. 2030 жылға дейін бұл көрсеткіш 70%-ға жеткізілмек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Жалпы, Қазақстанның жерасты суын пайдалану әлеуеті жоғары. Сондықтан оны жүйелеу мақсатында құқықтық актілер бекітілді. Ол құжат жерасты суын іздеу, бағалау, мониторинг жүргізу талаптарын реттейді. Нәтижесінде су ресурстары ұтымды пайдаланылмақ. Бүгінде елдегі шаруашылық-ауызсу қажеттілігінің 40%-ы жерасты суынан, 60%-ы жерүсті суынан қамтамасыз етіледі. Саланы цифрландыру мақсатында жерасты суына мониторинг жүргізуге арналған 4 мыңға жуық ұңғыма орнатылды. Солардың арқасында Қазақстанның қай өңірінде қанша көлемде су бар? Қандай қауіп бар? Олардың деңгейі қалай өзгеріп жатыр? Бәрі де QAZSU жүйесі арқылы бақыланады. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 17 мың өзен, 3 мыңға жуық кіші көл, бөгеттер мен су қоймалары цифрланып, бақылауға алынбақ.
Жайық Ерікұлы, Су ресурстары және ирригация министрлігі департаментінің директоры:
Жерасты суын цифрландыру бойынша гидрогеологиялық саланы цифрландыру үшін ҚР Су ресурстарының Ұлттық ақпараттық жүйесіне мониторингтік және пайдалану ұңғымаларын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар жерасты суы мониторингінің заманауи жүйесін енгізу, су горизонттарының деңгейін, сапасы мен пайдаланылуын ұдайы бақылауды қамтамасыз етеді. Теріс өзгерістерді уақтылы анықтауға және олардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы