Авторлардың қаламақысы өсетін болды
Авторлардың қаламақысы өседі. Бүгін Сенат тиісті заңды екінші оқылымда мақұлдады. Қазір қоғамдық ұйымдар әкімшілік шығындары үшін табыстың 30 пайызын ұстап қалып, қалған 70 пайызын авторға төлейді. Ал жаңа норма күшіне енсе, 80 пайызын беруге міндеттеледі. Осы талаптың орындалғанын тексеру үшін бірыңғай электронды цифрлық платформа да құрылмақ. Онда қаламақының сомасы, оның қай уақытта төленгені, автор мен қоғамдық ұйымдар арасындағы келісімшарт жайлы ақпарат жүктеледі.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Қаралған заң зияткерлік меншік құқығын қорғау тетіктерін жетілдіруді көздейді. Жаңа платформа ұжымдық басқару жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17