Бала сабақта телефон ұстаса, ата-ана айыппұл төлейді
Бала сабақта телефон ұстаса, енді ата-ана жауапқа тартылады. Бұл туралы Оқу-ағарту вице министрі Майра Мелдебекова айтты. Әуелі ескерту жасалады. Ол еленбесе, 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 20 мың теңге айыппұл салынады. Жаңа ережеге ата-аналар қалай қарайды?
Ал мұғалімдер тәртіпке бағынбайтын балалар көп емес дейді. Сабақтың алдында бәрі телефондарын арнайы қобдишаға салады. Мұндай ереже мектептерде бұрыннан бар. Десе де, жаңа ереже тентектерді тезге салуға сеп болар еді, дейді ұстаздар.
Гүлмайра Жанайдарова, мұғалім:
Ұялы телефонды осындай қобдишаға салып қоямыз. Менің ойымша, оқушы тыңдамай, қарсы шығып жатса, айыппұл салғаны дұрыс деп ойлаймын. Ал біздің мектептің ата-аналары түсінігі терең. Олар үнемі мектептің тәртібін қолдайды.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04