Сарапшы: «Ибраһим» келісімдеріне қосылу - Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктерін де кеңейтеді
«Ибраһим» келісіміне қосылу арқылы Қазақстан көпвекторлы саясатын жалғастырып, дипломатиялық қана емес, экономикалық мүмкіндіктерін де кеңейтеді. Сарапшылар осындай пікірде. Израиль мен араб елдерінің ынтымақтастығын күшейтуге бағытталған бұл келісім өзге мемлекеттердің де аймақтық және жаһандық процестердегі саяси позициясын нақтылауға ықпал етпек. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның бұл қадамды қолдауы - Таяу Шығыста бейбіт диалог пен өзара сенімді нығайтуға бағытталған прагматикалық шешім.
Айнұр Тұқымова, Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы:
Келісімге қосылу арқылы Қазақстан өзінің ұлттық мүддесін жүзеге асырады. Экономикалық даму саласында, тұрақтылық саласында, қауіпсіздік саласында. Сондықтан бұл ұйымға қосылу арқылы Қазақстан осы жалпы әлемдегі тұрақтылыққа, бейбітшілікке үлесін қосты деп толық айтуға болады.Айта кетейік, Қазақстан Ибрахим келісіміне қосылды. Мемлекет басшысының Ақ үйдегі кездесуі кезінде Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескен еді. Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы әңгімелесудің арқауы болды. Ибраһим келісімдеріне қосылу арқылы Қазақстан қақтығысты еңсеруге, диалогты ілгерілетуге және БҰҰ Жарғысы негізіндегі халықаралық құқықты қолдауға үлес қосады. Қазақстанның бұл шешімі ешбір мемлекетпен екіжақты қатынастардағы міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл шешімді жоғары бағалап, өзге елдерді аталған бастаманы қолдауға үндейтінін атап өтті.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседіі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00