Қызылордада инновациялық идеялар фестивалі өтіп жатыр
Қызылордада иннвациялық идеялар фестивалі өтіп жатыр. Ізденімпаз жастар ІТ, жасанды интеллект және робототехнология бойынша тың жобалар әзірлеп, байқауда бақ сынауда.
Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған инно-фестке 1500-ден аса жас тіркелген. Талапкерлер екі күн бойы түрлі мобильдік бағдарламалар, интеллектуалдық ойындар мен ІТ жаңашылдықтарын ұсынады. Дрондардың да сан алуан түрі бар. Үздік жобалар қаржыландырылып, дарынды оқушыларға жоғары оқу орындарының гранты табысталады. Фестивальдің жалпы жүлде қоры 5 миллион 400 мың теңге.
Мәди Хасанғалиұлы, оқушы:
Мен осы дронмен айналысып жүргеніме 3 жыл болды. Жақында біз Алматыға барып, осы дрон футбол жарысынан 2-орын алып келдік. Бұл халықаралық жарыс болатын. Ол жерде әртүрлі елдерден келді - Польша, Моңғолия. Сол елдердің арасынан біз екінші орын алып келдік.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04