«Мұғалімге AI» - Мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге бағытталған жаңа жоба
Мұғалімдердің уақытын үнемдеп, жұмысын жеңілдетуге бағытталған жаңа жоба басталды. «Мұғалімге AI» деп аталатын курста педагогтер жасанды интеллектіні тиімді пайдалануды үйренеді. Курс тегін және онлайн өтеді. Оқу апта басында басталды, жоспар бойынша барлық өңір ұстаздары қамтылады. Бұл туралы Астанада өткен «Жасанды интеллектіні білім саласында пайдаланудың тиімді жолдары» атты жиында айтылды. Бағдарлама білім сапасын жақсартуға да септігін тигізеді, дейді сарапшылар. Оқуды аяқтаған ұстаздар алған білімін практикада көрсетуі тиіс. Соның ішінен ең үздік 400 мұғалім елордада наурызда өтетін педагогикалық хокотонға қатысады. Сайыста жоғары нәтиже көрсеткен 20 ұстаз жазда Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өтеді.
Айбек Қуатбаев, «Daryn Online» компаниясының құрылтайшысы:
Мұғалімдер аптасына 40 сағат жұмыс істейді. Соның 20 сағатында сабақ береді, қалған 20 сағатын тексереді, сабаққа дайындалады, есеп-қисапқа жұмсайды. Негізі сол 20 сағаты жасанды интелектінің арқасында 10 сағатқа дейін қысқартуға болады. Қалған он сағатын мұғалім шығармашылық даму, басқа да іс-әрекетпен айналысса болады. Біз соған мүмкіндік жасаймыз.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00