Алматыда бір түнде 2 ғимарат өртенді
Алматыда бір түнде екі бірдей нысанды өрт шарпыды. Алдымен Наурызбай ауданындағы «Перзент» жеке қайырымдылық балалар үйінің аумағында тілсіз жау тұтанған. Араға аз уақыт салып, Алмалы ауданында тағы бір өрт тіркелді. Төле би көшесінде орналасқан үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры жанып, екінші жоғары деңгейлі өрт жарияланды.
Нұрдәулет Сыздық, тілші:
Мен қазір «Перзент» балалар үйінің маңындамын. Дәл осы нысанды қызыл жалын шарпып, жұртты әбігерге салды. Ғимараттың 1000 шаршы метр аумағы түгелдей отқа оранған. Асханасы мен оған жапсарлас үш қабатты бөлігінің шатыры өртеніп кетті. Апатты ауыздықтауға өрт сөндірушілер тобы жедел жетті. Құтқарушылар оқиға орнынан 35 бала мен қызметкерлерді эвакуациялады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, балалар қауіпсіз жерге орналастырылып, дәрігерлер мен психологтардан көмек алды.
Ғалымжан Базылбеков, Наурызбай аудандық ТЖ басқармасы бастығының орынбасары:
Аталған шаралармен өрт 18:08-де оқшауланып, балалар өрт сөндірушілері келгенге дейін қауіпсіз жерге орналастырылды.
Сондай-ақ Алматы арбатындағы әкімшілік ғимаратты да қызыл жалын шарпыды. Өрт үш қабатты әкімшілік ғимараттың төбесінде болған. Осыған байланысты қалада «екінші дәрежелі өрт дабылы» жарияланды. Зардап шеккендер жоқ. Қос апаттың да шығу себебі анықталып жатыр.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15