Түркияда фабрикадағы жарылыстан 6 адам көз жұмды
Түркияның Қожаелі провинциясында иіссу фабрикасының қоймасында жарылыс болып, алты адам қаза тапты. Таңғы уақытта шыққан өрт тез арада жайылып, бөшкелерде тұрған парфюм дайындайтын химиялық сұйықтық жарылған. Апат кезінде қойма ішінде болған бірнеше адам өз күштерімен қашып шыққанымен, алты әйел тілсіз жаудың құрбаны болды. Олардың үлкені 65 жаста болса, ең кішісі 16 жаста екені анықталды. Сондай-ақ жеті адамды күйік шалған. Олардың біреуінің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Оқыс оқиғадан кейін шетелге қашпақ болған фабрика басшысы мен тағы екі адам қамауға алынды. Қазір мамандар өрттің нақты неден шыққанын анықтап жатыр.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17