Басты Жаңалықтар Алматыда 15 қарашадан бастап жаңа құрылыс ережесі күшіне енеді

Алматыда 15 қарашадан бастап жаңа құрылыс ережесі күшіне енеді

Алматыда 15 қарашадан бастап жаңа құрылыс ережесі күшіне енеді. Енді қаланың біраз бөлігінде биік ғимарат салуға тыйым салынады. Құжатқа сәйкес, Талғар тасжолы, Шығыс айналма жолы, Әл-Фараби даңғылы, Саин және Жандосов көшесінің оңтүстігінде орналасқан аймақтарда ғимарат үш қабаттан, яғни биіктігі 12 метрден аспауы тиіс. Мұндай аймақтарда тек әлеуметтік және туристік бағыттағы ғимараттар ғана салуға рұқсат. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына арналған жерлердің пайдалану мақсатын өзгертуге де шектеу қойылды. Қала билігінің айтуынша, бұл шешім Алматының табиғи және тарихи келбетін сақтауға, тау баурайындағы құрылысты шектеуге және қаланың экологиялық тепе-теңдігіне әсер етеді. Айта кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы Алматының тау бөктерінде тұрғын үй салуға мораторий енгізуді тапсырған еді.

Жанат Айтілеу, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС бөлім басшысы:

Қоғамдық ғимараттар — мектеп, балабақша, болмаса аурухана деген сияқты ғимараттарға тыйым салынған жоқ. Жеке тұрғын үйлерге тек. Бірақ оларға да шектеу бар: үш қабаттан және 12 метрден биік болмауы керек. Оның үстіне, тау бөктерлерінде қиғаштығы 15 градустан асатын болса, ешқандай құрылыс жүргізуге болмайды.


Бөлісу