Түркістан облысының ауыл әкімі жер қойнауын пайдалануға заңсыз рұқсат берген
Түркістан облысының Сауран ауданында ауыл әкімі жер қойнауын заңсыз пайдалануға рұқсат беріп, кәсіпкермен заңсыз меморандум жасаған. «Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында рейд ұйымдастырған табиғат қорғау прокуратурасы дрон көмегімен «Құрсай» өзені бойын тексерген. Бақылау кезінде құм мен қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіргендер анықталды. Рұқсатты Шаға ауылының әкімі берген болып шықты. Заң талаптарын бұзған шенеунік енді қызметінен қуылуы мүмкін. Прокуратура осындай ұсыныс жасады. Сондай-ақ аудан әкімінің осы салаға жауапты орынбасары мен бірқатар полиция қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04