Басты Жаңалықтар Алматыда ADD Padel Arena спорт кешені салынады

Алматыда ADD Padel Arena спорт кешені салынады

2027 жылы Алматыда ADD Padel Arena спорт кешенін ашу жоспарланып отыр. Онда падел спортымен айналысуға арналған халықаралық стандартқа сай келетін 10 корт болады. Бұл туралы бүгін Ақордада айтылды. Президент халықаралық падел федерациясының президенті Луиджи Карраро мен Premier Padel әлемдік кәсіби турының төрағасы Нассер Бен Ганим Әл-Хелаифиді қабылдады. Кездесуде Қазақстанда падел спортын дамыту перспективасы талқыланды. Бүгінде елімізде 1,5 мыңнан астам ойыншыны біріктіретін қоғамдастық қалыптасып, 16 облыста өңірлік федерация құрылды. Президент УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі және «Пари Сен-Жермен» клубының акционері ретінде футболды насихаттауға қосқан үлесі үшін Нассер Әл-Хелаифиге алғыс айтты. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның Халықаралық падел федерациясымен ынтымақтастығын нығайту елімізде осы спорт түрін дамытуға әрі танымалдылығын арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.


Бөлісу