Бельгияда мұғалімдер ереуілдетіп жатыр
Бельгияда мұғалімдер ереуілдетіп жатыр. Ұстаздар қауымы жұмысқа шықпағандықтан бүгін елдің бірқатар мектеп, жоғарғы оқу орындарында сабақ болмады. Брюссель мен елдің Валлония аймағының ұстаздары оқу ордаларының жанына жиналып, наразылық акциясын ұйымдастыруда. Олар Валлония-Брюссель аймағы білім министрлігінің 2026-2029 жылдарға арналған бюджетіндегі қатаң үнемдеу шараларына қарсы. Айтуларынша, жаңа жарлыққа сәйкес, 12 жасқа толмаған балаларға арнаған өнер академиясында балғындар бұдан былай тегін оқи алмайды. Жоғары оқу орындарында оқу ақысы 43 пайызға қымбаттамақ. ЕуроОдақ елдерінен өзге мемлекеттердің студенттеріне оқу бағасы тіпті көтерілмек. Салдарынан білім алу қолжетімсіз болып, әлеуметтік теңсіздік күшейеді,-дейді ұстаздар.
Мартин Буйон, әлеуметтану пәнінің мұғалімі:
Биліктегілер мұғалімдерді қысқартып, қалған ұстаздарға жүктемені көбейтпек. Бұрынғыдан екі сағатқа көп жұмыс істеуге міндеттіміз, бірақ жалақы өспейді. Жоғарғы оқу орындарында оқу бағасы қымбаттаса, білім алу қолжетімсіз болады. Мұндай бассыздыққа жол беруге болмайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы