Басты Жаңалықтар Oracle Қазақстанның ЖИ стратегиясын жүзеге асыруға көмектеседі

Oracle Қазақстанның ЖИ стратегиясын жүзеге асыруға көмектеседі

Әлемдегі жетекші технологиялық алпауыт Oracle компаниясы да Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы стратегиясын жүзеге асыруға қолдау көрсетпек. Осы мақсатта тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Oracle Қазақстанда жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға және бұлттық технологияларды енгізуге қолқабыс етеді. Оның ішінде пилоттық жасанды интеллект инфрақұрылымын орналастыру, бұлтты деректер орталықтарын дамыту және жасанды интеллект жобаларын бірлесіп жүзеге асырады. Сонымен қатар, жергілікті IT-мамандарды оқыту мен сертификаттау бағдарламаларын іске қосу, ғылыми-зерттеу жобаларын дамыту мүмкіндігі де қарастырылуда. Мұндай ынтымақтастық елдің цифрлық трансформациясын жеделдетуге және әртүрлі салаларда инновацияларды ынталандыруға серпін бермек.


Бөлісу