Геологиялық барлаумен заңсыз айналысқан 24 компанияға айыппұл салынды
Шығыс Қазақстан облысында геологиялық барлау жасап жер қойнауын игерген 24 компания заңды өрескел бұзғаны анықталды. Көбісі кенді рұхқсатсыз қазған. Тіпті кейбір компанияларда лицензия мүлде болмаған. Табиғат қорғау заңын бұзған бұл компанияларға жалпы сомасы 9,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Геологиялық барлау және өндіру жұмыстарын рұқсатсыз жүргізу, топырақ пен су айдындарын ластау, сараптама талаптарын және қалдықтарды көму ережелерін өрескел бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылды.
Меруерт Жарылқасымова, облыстық Экология департаментінің бөлім басшысы:
Жыл көлемінде экология департаменті 8 жер қойнауы бойынша тексерістер жүргізді. Сәйкесінше 9 миллион теңге айыппұл салынды. Олар мемлекет қазынасына төленді.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02