Павлодардағы ипподром құрылысы қайта жанданды
Павлодар қаласында
салынып жатқан заманауи ипподром құрылысы осымен үшінші жылға созылып барады.
Себебі мердігер компания өзіне жүктелген міндетті орындауға қауқарсыз. Тек қана
Ертіс-Баян өңірі емес, еліміздің бірнеше аймақтарында бюджет қаржысына құрылыс
жүргізу тендерлерін ұтып алған аты шулы «Градстройсервис» серіктестігінің ісі қазір сотта қаралып жатыр.
Мақпал Қаржаубай, Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:
Мердігер ұйым келісімшарт талаптарын орындамағандықта, 2025 жылғы 22 мамырда келісімшарт бұзылды. Осыған байланысты сот кабинеті ақпараттық жүйесі арқылы «Градстройсервис» мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арыз жіберілді.
Жақында бұрынғы мердігерден қалған 163 млн теңгені игеру үшін қайта конкурс
өткізілді. Қазір құрылыс жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін құрылыс-монтаждау
жұмыстарын аяқтап, келер жылдың мамыр айында ипподром ашылады. Негізі
Павлодарда осыдан небары 10 жыл бұрын жаңа ипподром салынған болатын. Бірақ
кейін қаланың бас жоспарына түзету енгізіліп, дайын ипподромның орнына жаңа
шағын аудан салу жөнінде шешім қабылданады. Алайда экологиясы нашар өндірістік
аумақта тұрғын үй салуға облыстық прокуратура рұқсат бермеді.
Сәкен Талғат, облыстық Дене шынықтыру және туризмді дамыту басқармасының бөлім
басшысы:
Басқа ипподром болмаған себепті қазіргі таңда «Құлагер» ипподромында жарыстар өткізіп жатырмыз. Өйткені қазіргі таңда Павлодар облысында басқа мүмкіндіктер болмаған себептен. Келесі жылдан бастап «Құлагер» ипподромында ешқандай жарыстар өткізілмейді.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03