Белгілі әдебиет сыншысы Ғалым Доскен өмірден өтті
Белгілі әдебиет сыншысы, филолог, қазақ журналистикасының қалыптасуына сүбелі үлес қосқан көрнекті тұлға Ғалым Доскен өмірден өтті. 2000-жылдардың басында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы болған білікті медиаменеджер талай ұлттық жобаның жарыққа шығуына ықпал еткен еді. «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» мен «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты антологиялық жинақтардың авторы ретінде ұлттық өнердің баға жетпес мұрасын келер ұрпаққа жеткізді. Көгілдір экран арқылы көпшілікке жол тартқан «Алтын сақа», «Ақжүніс», және «Үзеңгі жолдас» сынды мәдени тарихи-танымдық бағдарламалар әлі елдің есінде. Сол уақытта ұлт руханиятын жоғын түгендеп, өнерге өң, өнерліге дем берген қайраткер 65 жасында фәниден бақиға бет түзеді.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұжымы Ғалым Төлембекұлының отбасы мен
жақындарына қайғыра көңіл айтады.
Кенжехан
Матыжанов, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры:
Ғалым шынында да ерекше талантты, арда жігіт еді. Оның жасап кеткен еңбегі, өмірдегі бейнесі қазақ халқының, зиялы қауымның жүрегінде бәрібір қалады. Ғалымның халқына беріп кеткен рухани байлығы, егіп кеткен дүниесі түптің түбінде шығады. Бақұл бол, аяулы дос!
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07