Абай облысында жаңа зауыт іске қосылды
Абай облысының Бородулиха ауданында керамикалық кірпіш өндіретін зауыт ашылды. Жалпы құны 2 миллиард теңге болатын жобаны жергілікті инвестор қаржыландырған. Кәсіпорын 50-ден астам адамды жұмыспен қамтиды. Өндіріс өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға мүмкіндік бермек. Жаңа кірпіш зауытында жылына шамамен 6 миллион жоғары сапалы құрылыс материалы өндіріледі. Келешекте Семей алып құрылыс алаңына айналмақ. Облыс орталығында 70 мың тұрғынға арналған жаңа ықшам аудан бой көтереді. Жаңа кәсіпорын отандық құрылыс материалдарының үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Қайырлы
Қасенов, ЖШС басшысы:
Бұның енді сапасына келетін болсақ, бұл жерде 90 проценті глина, сары топырақ және де 10 проценті бұның көмір. Осымен бұл жағылып келеді. Қазіргі уақытта бұндағы сапасы ҚР ұлттық сапа және сертификаттау орталығындағы тексеру протоколынан толық өткен. Қазіргі орташа жұмысшылар жалақысы 350 – 400 мың теңге. Алды 800 мыңға дейін барды қазір.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04