Түркістан облысындағы Араншы каналының бойына ағаш екті
Түркістан облысының Келес ауданында тұрғындар Араншы каналының бойына ағаш отырғызды. Ауданның орталық саябағы да жасыл желекпен көмкерілді. Аулалар сыпырылып, арық-атыздар тазартылды. «Тегін көшет ал да, өз ағашыңды отырғыз» атты акцияға ардагерлерден бастап жастарға дейін, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметішлер де атсалысты.
Лесбек Нұртаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Біздің Келесте таң басталысымен көше тазалау, абаттандыру жұмыстары басталып кетті. Сол үшін әр уақытта әрбір өзімізге тиісті көшені абаттандырып отырайық. Тегін ағашымызды алайық та, көшемізді, ауламызды көріктендірейік. Барлықтарыңызды осындай акцияға үнемі қатысып отыруға шақырар едім.
Сонымен қатар акция аясында жастар флешмоб өткізді. «Бірлік – ел тірегі» атты дөңгелек үстелде жастар экологиялық мәдениетті қалыптастыру, бірлік пен ынтымақты нығайту жайында ой бөлісті. Қоршаған ортаны қорғауда жастардың белсенді рөлі айтылды. Жиын соңында «Таза Қазақстан – таза болашақтың кепілі» атты үндеу қабылдады.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02