Табиғи апаттан баспанасыз қалғандарға мемлекет үй салып береді
Табиғи апаттан баспанасыз қалған азаматтарға мемлекет үй салып береді. Жуырда жаңа ереже бекітілмек. Ол үшін қандай құжат жинау керек? Қайда тапсырады? Жаңа пәтер қашаннан бастап беріледі?
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Су тасқыны, орман өрті, жер сілкінісінен зардап шеккендерге баспана беріледі. Министрлік жаңа ереже бекітті. Енді өтінімді төтенше жағдай жарияланғаннан күннен екі ай өтпей жазу керек. Ол үшін әкімдікке жеке куәлік пен үйдің құжаттарын ала барасыз. Сондай-ақ атыңызда сол бүлінген баспанадан басқа үй жоқ екенін дәлелдейтін анықтама қажет. Коммуналдық қызметтерді төлегеніңіз туралы түбіртек те тексеріледі.
Өтінім бес жұмыс күнінде қаралады. Бұдан соң үйдің бағасын анықтау үшін сараптама жасалуы керек. Комиссия бекіткен баспананы алсаңыз болады. Ал өзім таңдаймын десеңіз, әкімдіктен бос үйлердің тізімін сұратасыз. Алайда тек бұрынғы баспанаңыздың бағасымен бірдей үйлерді қарай аласыз. Бұл ереже үш күннен кейін, яғни 14-қарашада күшіне енеді.
Ал келесі жылдан бастап баспананы табиғи апаттардан сақтандыру міндеттелмек. Мәселен, үй иесі сақтандыру компаниясымен мың теңгеге келісімшартқа отырса, төтенше жағдай кезінде 500 мың теңге өтемақы алады. Ал 30 мың теңгеге сақтандырса, 15 млн теңге өндіре алады.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16