Қарағанды облысының Шет ауданындағы электр мәселесі шешілді
Қарағанды облысына қарасты Шет ауданында электр қуатының мәселесі шешілді. Аудандағы тоқ желілері жекеменшіктен әкімдік балансына өтті. Бүгін өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы туралы есеп берген облыс әкімі осылай деді. 12 мың тұрғыны бар ауданда бұған дейін жарық жиі сөніп, тіпті жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланған еді. Оған соңғы 30 жылда желілердің жаңартылмауы, тозуы себеп болған.
Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:
Шет ауданында екі-үш компания істеген. Өкінішке қарай жекешлендірген кезден бастап жұмысын дұрыс жасамады. Соның кесірінен 12 мың адам қиыншылық көріп отырды. Сондықтан біз заң бойынша төтенше жағдай жариялап, коммуналдық менгшікке алдық. Қазір жағдай тұрақты. Біраз трансформаторлар, тоқтар жаңартылып жатыр.
Сондай-ақ биыл облыс халқы толықтай ауыз сумен қамтылады. Атап айтсақ, аймақта
тіршілік нәрі жетпеген шағын елді мекендер бар. Оларда 2,5 мыңнан астам адам
тұрады. Әкімнің сөзінше, желтоқсанның соңына дейін мәселе түбегейлі шешімін
табады.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04