Тәттімбеттің 210 жылдығы аталып өтті
ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Анкарадағы штаб пәтерінде күйші Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Жиынға қатысқан ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев Тәттімбеттің музыкасы – Түркі дүниесінің ортақ мәдени мұрасы екендігін, себебі Тәттімбет шығармалары барша түркі әлемінің өнеріне қосылған үлкен үлес екенін атап өтті. Іс-шарада қазақтың танымал күйшілерінің бірі, профессор Жанғали Жүзбай мен «Қазақконцерт» солисі, жас өнерпаз Қайрат Айтбаев өнер көрсетті. Бағдарлама аясында дәстүрлі «шертпе күй» өнерін үзбей жалғастырып келе жатқан белгілі профессор Жанғали Жүзбай қазақ халық музыкасына және Түркі дүниесінің мәдениетіне қосқан үлесі үшін ТҮРКСОЙ медалімен марапатталды.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02