Түркиядағы отандастарға құрмет көрсетілді
Түркияда түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген
қандастарымыз «Отандастар» қорының алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты
рәсімді Қазақстанның Түркиядағы елшілігі ұйымдастырды. Марапат алғандардың
қатарында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, салт-дәстүрімізді насихаттап
жүрген мәдениет саласының өкілдері, қазақ тарихы мен әдебиетін шетелде танытып
жүрген ғалымдар бар. Сонымен қатар, ел игілігі үшін медицина саласында еңбек
етіп жүрген білікті дәрігерлер де алғысқа лайық деп танылды.
Гүлжанат Құрманғалиева-Эрджиласун, Қажы Байрам Вели университетінің профессоры:
1992 жылдан бері білім алып, Түркияда болып жатырмын. Осында жүргеннен бері жалпы түрік еліне, жалпы әлемге қазақ халқын, қазақ тарихын, мәдениетін, тілін таныстыруға біраз еңбек сіңіріп жатырмыз. Отандастар қорының Президентінің алғыс хатымен марапатталып жатқаныма өте қуаныштымын. Біз әрине қайда жүрсек те жүрегіміз қазақ деп соғады. Алыста болсақ та, біз елімізге еңбек етіп жатырмыз.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17