Шымкентте дәстүрлі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасуда. Сенбілік Жібек жолы көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үй ауласында өтті. 100-ге жуық адам арық-атызды қалдықтан тазартып, ауланы сыпырып ретке келтірді. Мұндай тазалық жұмыстары жыл басынан бері 46-шы рет ұйымдастырылып, нәтижесінде 45 тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Жалпы атаулы акцияға 3 мыңнан астам азамат атсалысқан.
Ербол Байқонысов, «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
Бірінші кезекте «Таза бейсенбі» акциясына ерікті түрде қала тұрғындары үлесін қосып жатыр. Өз аулаларын тазартып жатыр және тал егумен де айналысып жатыр. Бұның барлығы экологиялық мәдениетті, экологиялық тазалықты қалыптастырады. Біз барлық азаматтарды өзіміздің қаланы таза ұстауға шақырамыз.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02