Зейнетақы жарналарын төлеу ережесіне түзетулер енгізілді
Елімізде міндетті және кәсіби зейнетақы жарналарын төлеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Түзетулер келесі жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді. Яғни, әлеуметтік төлемдерге қатысты есепшоттарды бұғаттау тәртібі өзгереді. Бұрын заңды тұлғаның 1 теңге қарызы болса да барлық операциясы тоқтатылатын. Бұл кәсіпорындар мен өнеркәсіп орындарына тиімсіз еді. Енді есепшот берешек соммасы алты айлық есептік көрсеткіштен, яғни, 25 мың теңгеден асып кетсе ғана бұғатталады. Кірістер комитетінің ақпарынша, жауапты жергілікті органдар 5 жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді. Ал қарыз 10 жұмыс күні ішінде өтелмесе, борышкердің шығыс операциялары бұғатталады.
Қайсар Арын, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті аудит департаментінің басқарма басшысы:
Әлеуметтік төлемдерді қарыз көлемінде ғана, мысалы, 30 мың теңге қарызы болса, сол 30 мың теңге қаржысы ғана бұғатталады. Қалған қаражатымен ол қолдана береді. Сонымен қатар 1 теңге, 10 теңге үшін бұғаттамаймыз, 25 мың теңгеден асқан кезде ғана қарыз салығы қарыз шеңберінде бұғатталады. Жұмыс берушілер, заңды тұлғалар, кәсіпкерлер қарызы болған жағдайда. Жеке тұлғаларға қатысы жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы