Қазақстан интернеттің қауіпсіз және заманауи инфрақұрылымын нығайтуға мүдделі
Қазақстан интернеттің қауіпсіз әрі Web3 технологияларына негізделген заманауи инфрақұрылымын дамытуға мүдделі. Осы мақсатта ел үкіметі Cointelegraph компаниясымен меморандумға қол қойды. Web3 – деректер орталықтандырылмайтын, қолданушы өз цифрлық активін өзі басқаратын жаңа интернет моделі. Cointelegraph әлемдегі ең ірі Web3 медиаларының бірі ретінде ақпараттық қолдау көрсетіп, экожүйенің дамуына ықпал етеді. Серіктестік аясында компания Қазақстанға білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, бірлескен зерттеулер жүргізуге және блокчейн мен финтех бойынша халықаралық іс-шаралар ұйымдастыруға көмектеседі. Сонымен қатар Cointelegraph еліміздің цифрлық бастамаларын жаһандық аудиторияға танытып, Қазақстанның технологиялық беделін арттыруға үлес қосады.
Джеффри Миллиган, Cointelegraph жаһандық серіктестік жөніндегі жетекшісі:
Cointelegraph әлемнің көптеген үкіметтерімен жұмыс істейді. Қазақстан бірлесіп, блокчейн және Web3 бағытындағы бастамаларға қолдау көрсетуге әзірміз. Қазақстанның технологиялық хаб ретіндегі позициясын әлемге танытып, осы бағыттағы білім беру ісін ілгерілету - басты мақсатымыз. Cointelegraph платформасы арқылы біз Қазақстанның Web3 және блокчейн бағытындағы цифрлық беделін әлем бойынша арттыруға көмектесеміз.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04