Қызылордада бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қызылорда облысына биыл 720 миллиард теңге инвестиция тартылды. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті артып, ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр. Бұл елдегі реформалардың оң нәтижесінің айқын көрінісі. Өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан еңбек озаттары мен түрлі сала үздіктері мемлекеттік наградалармен марапатталып, құрмет көрсетілді.
Соңғы жылдары Сыр өңірі қарқынды дамудың даңғыл жолына түсті. Қай салада болмасын ілгерілеушілік бар. Аймақтың бюджеті еселеп өсіп, өзекті мәселелер шешімін тауып келеді. Халықаралық талаптарға сай жаңа әуежай, заманауи стадион бой көтеріп, «Келешек мектептері» ел игілігіне берілді. Жуырда ғана Мемлекет басшысы Қызылордадағы ілкімді істерді көзбен көріп, өлкенің дамуын оң бағалауы соның айқын дәлелі.
Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:
Президентіміздің Сыр өңірінің даму қарқынына, атқарылған жұмыстарға берген оң бағасы бәріміз үшін зор мәртебе. Барша Сыр жұртшылығы атынан туған жерімізге әрдайым ерекше ықыласымен қолдау білдіріп келе жатқан Мемлекет басшысына шынайы алғысымды білдіремін.
Туған жердің көркейіп-өркендеуіне еселі еңбек еткен құрыш қолды құрылысшылар, елдің ырзық-несібесін арттырған диқандар, өз ісінің шебері атанған қарапайым жұмысшы мамандар құрмет төрінен көрінді. Салтанатты шарада 12 азаматқа Президент Жарлығымен түрлі мемлекеттік наградалар табысталды.
Манарбек Еспенбетов, «Құрмет» орденінің иегері:
Бүгін енді өз басыма үлкен керемет күн болып тұр. Қаншама жыл осы қаланың дамуына жұмыс істеп, соның бүгін нәтижесі «Құрмет» орденін алып жатырмын. Осыны бағалаған Президентімізге рақмет.
Сырдағы қарқынды тірліктің бұл бастамасы ғана. Алдағы үш жылда облыста 2 триллион теңгені құрайтын 89 инвестициялық жоба жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20