«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі бесінші маусымын бастады
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы дәстүрлі түрде ұйымдастыратын медиамектептің бесінші маусымын бастады. Биылғы оқу кезеңінің басты жаңалығы – комментаторлар курсы ашылды. Бұл маусымда 304 студент медиамектепке қатысуға ниет білдірген. Солардың ішінен еліміздің 10 шақты өңірінен 55 студент іріктелді. Олар журналистика, цифрлы медианы басқару, қоғаммен байланыс, медиаөнер, кино және телевизия режиссурасы мен медиакоммуникация мамандықтары бойынша білім алып жатқан жастар. Енді сол теориялық тұрғыда алған білімін тәжірибемен ұштастырып, жарты жылдан астам уақыт ақысыз негізде, онлайн және офлайн форматта тәжирибе жинайды. Корпорацияның кәсіби, білікті мамандарынан дәріс алады.
Ернұр Бурахан, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы:
Медиамектеп өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Осы уақытқа дейін қаншама еліміздің жастары келіп, осы медиамектепте оқып, соның ішінде 24 адам корпорация құрамына жұмысқа кірді. Биылғы жылдың басты ерекшелігі – біз спорткомментаторлар курсын қосып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, «Qazsport» арнасы қазіргі комментаторлар мектебін қалыптастырған ғой. Бүгінде 40-тан аса комментатор жұмыс істейді. Енді осы үрдісті ары қарай дамытып, «Qazsport» арнасындағы әріптестеріміз осындай бастама көтеріп, биыл алғаш рет экспериментальді жүзеге асырып отырмыз.
Ерсұлтан Алпысбай, 3-курс студенті:
Медиамектеп туралы мен осы 2-курстан бастап хабардар болдым. Өзімізден жоғары курс студенттерінен естідік. Кейіннен жекеме «сізді құттықтаймыз» деп хабарлама келген кезде төбем көкке бір елі жетпей қалды. Шын қуаныштымын.
Айта кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі 2021 жылы басталды. Содан бері 123 студент білім алып, оның ішінде үздік шыққан 24 түлек жұмысқа қабылданды.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20