Президент кәсіпкерлерді өздері туған ауылдарды өркендетуге шақырды
Ауыл шаруашылығы дамыса, ең алдымен ауылдың жағдайы жақсарады. Бүгін Астанада өткен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында Президент табысқа жеткен әрбір кәсіпкерді өз ауыл-аймағының өркендеуіне үлес қосуға шақырды. Мемлекет ауыл-аймақты дамыту үшін біраз жобаны жүзеге асырып жатыр. Инфрақұрылым салудан бастап, ауылға білікті маман тарту мәселесіне дейін ауқымды жұмыстар жүргізілді. Қасым-Жомарт Тоқаев соларға тоқтала келе, әкімдер де ірі компаниялармен келісім жасап, бірлескен шаруашылықтардың өнімін өткізуге көмектесуі қажет екенін айтты. Бұл ретте ауылға жеке инвестиция тарту өте маңызды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Еңбекқор, мақсаты айқын азаматтарымыз күнделікті маңдай терімен ұлттық байлығымызды еселеп, ел келешегінің жарқын болуына аянбай үлес қосуда. Мұндай іспен айналысып жатқан адамдарға қолайлы жағдай жасап, еліміздің шынайы патриоттарын ынталандырып отыру керек. Біз бұл шаруаны назардан тыс қалдырмаймыз.
Биыл жиын-терін науқаны да берекелі болды. 27 млн тонна астық қамбаға құйылды.
Соның ішінде Ақмола облысы ең жоғары көрсеткішке ие. Ал еліміз астық экспорты
бойынша жетекші 10 елдің қатарына кіреді.
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28